Брифингтен ақпарат

355
Ai-news.kz.Қаланы көгалдандыру жұмыстары бағытында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа механизм енгізілді. Жоба қала аумағын жүйелі түрде көгалдандыру, жасыл желек көлемін арттыру және инфрақұрылымды жақсартуды көздейді. Бүгінде 250 қызметкері, 50 бірлік заманауи техникасы бар «КазСтройКапитал» компаниясы күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс жасауда. 
Айта кету керек, қазір қала аумағында 46 100-ге жуық тал көшеті мен 800 000 дана біржылдық гүлдер, 13 500 дана көпжылдық гүл көшеттері отырғызылды және 10 000 шаршы метрден астам алаңға көгал төселді.