Судағы қауіпсіздік ерекше бақылауда
575
Шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін судағы қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілуде.
Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – тыйым салынған жерлерде шомылу, мас күйде суға түсу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру. Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға, тек белгіленген орындарда шомылуға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.





