Социалистік еңбек ері дауыс берді
115
Ai-news.kz. Лақалы ауылында тұратын Соцалистік Еңбек ері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кәрібоз Әлимаев №76 референдум учаскесіне өзі барып, дауыс берді.
"Ел тарихындағы осындай саяси оқиғаның қатысушысы болғаныма, ел болашағы үшін жасалып жатқан реформаға өз даусым арқылы үлес қосқаныма қуаныштымын. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтарды, жастарды бүгінгі шарадан қалыс қалмау керек. Халқымыз аман болсын! Мемлекетіміз жасай берсін. Өзгерістердің барлығы оңынан болсын", – дейді еңбек ардагері.
Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы маңызды шараға бей-жай қарамаған қазыналы қарияның иығына шапан жаупса, ел ақсақалы елдік мүддедегі маңызы мол шарада бірлік пен белсенділік танытуға шақырып, бата берді.