Заңсыз құрылыс тоқтатылды

300
Ai-news.kz.Аймақ басшысының тапсырмасымен құрылған арнайы жұмысшы топ  Қазыбек би көшесі, №25 мекенжай иесінің ғимарат құрылысын заңсыз бастағанын анықтаған болатын. Заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерге ескертпе беріліп, тиісті шара қолдану үшін Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет және қала құрылысы бақылау басқармасына жолданған еді. 
Бүгін нақты шаралардың нәтижесімен заңсыз құрылыс тоқтатылды.