«Қызыл ай»: Қызылордада жан-жақты көмек көрсетілуде

163

Ai-news.kz. «Қызыл ай» қоғамының Қызылорда облыстық филиалы гуманитарлық салада белсенді жәрдемдесетін бірден бір қоғамдық мекеме. Мәселен, биыл денсаулық жағдайымен тіркеуде тұрған азаматтарға медициналық заттармен көмек көрсеттіліп, әлеуметтік тұрмысы төмен  отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

 

Сәрсенбіде, 18 желтоқсанда,  ҚР Қызыл Ай Қоғамының бастамасымен Біріккен Араб Әмірлігі Қызыл Жарты Ай Қоғамының демеушілігімен Қызылорда қаласы Белкөл кентіне, Сырдария ауданы Шіркейлі елді мекеніне, Қармақшы ауданы III Интернационал елді мекендеріндегі скважиналарына 1,8 миллион теңгеге су насостарын алып берілді және орнатылды.

 

Айта кету керек, «ҚР «Қызыл Ай» Қоғамы 2005 жылдан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Жарты Айымен бірлесіп Қазақстандағы жетім балаларды қаржылай қолдаудың арнайы бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні ел бойынша 3 мыңнан, ал Қызылорда облысы бойынша 615 бала арнайы жәрдемақыны алуда. Сол сияқты ҚР «Қызыл Ай» Қоғамы бірқатар ірі Халықаралық және Отандық компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізіп, көмекке мұқтаж адамдардың өміріне оң әсер етудің үлгісі болып келеді.