Аймақ басшысы Францияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Ai-news.kz Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынас орнағанын атап өтіп, елшінің жұмыс сапары жемісті әрі нәтижелі болуына тілектестік білдірді.
Өз кезегінде, Дидье Канесс облыс әкіміне ризашылығын, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетін білдірді.
Айта кетейік, Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Франция Елшісі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барып, жұмысымен танысты. Әрі қарай Канесс мырза Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекет» шеңберінде аймақтағы университеттер арасындағы кейс-чемпионатқа қатысады. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректорымен кездеседі деп жоспарлануда.