Бақылау – қадағалау органдары бизнес өкілдері есеп берді

117

Ai-news.kz. Кәсіпкерлік кодексінің 131-1 бабына сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы жыл сайынғы бірыңғай есеп беру күні өтті. 


Басты мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру. 


Маңызды шараға құқық қорғау органдары, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары, жергілікті әкімдіктер, сондай-ақ бизнес өкілдері мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты. 


Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, төтенше жағдайлар, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерімен қатар, облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшыларының 2024 жылдың 8 айындағы есебі тыңдалды. 


Биыл 8 айда мемлекеттік органдармен кәсіпкерлік субъектілеріне 1311 таксеру тағайындалып, нәтижесінде 894 заң бұзушылықтар орын алған. Сонымен қатар, бизнеске 4 заңсыз тексерулер тағайындалып, 98 профилактикалық бақылау жүргізілген. 


Есеп беру барысында бизнес өкілдері білім беру саласында мектептегі тамақтану, фармацевтика саласындағы мәселелерге баса мән беріп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге өз ұсыныстарын білдірді.