Тұрақты жұмыс – тұрақты өмір: Қазалыда AMANAT партиясы азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал етті

301

Ai-news.kz.  Қазалы ауданында «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптық қабылдау өтті. Іс-шараға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев пен аудандық Мансап орталығының директоры Болатбек Баймаханов қатысып, тұрғындар сауалдарына жауап берді.

Қабылдау барысында азаматтардың бірі өзін жұмыссыз ретінде тіркеп, тұрақты жұмыс табуға көмек сұрады. Қабылдаушы мамандар enbek.kz электрондық еңбек биржасы мен Мансап орталығының мәліметтері бойынша қолжетімді бос жұмыс орындарын ұсынды. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде азамат ұсынылған вакансиялардың біріне баруға шешім қабылдап, мәселесі оң шешімін тапты.

Сонымен қатар, қабылдауға келген басқа тұрғындарға да бос жұмыс орындарының тізімі ұсынылып, жұмыс іздеу, қайта даярлау және кәсіби бағдар беру мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Бұл – азаматтардың еңбек нарығына қайта бейімделуіне және әлеуметтік қолдауға ие болуына жол ашатын маңызды қадам.

Мұндай қабылдаулар тұрғындар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы тиімді диалог құруға, нақты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.