Қауіпсіздік басты назарда

355
Ai-news.kz.Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, қауіпсіз еңбек жағдайларын және еңбек саласын цифрландыру мәселесі, туризмды дамыту барысы талқыланды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов назарда тұрған тақырыпты әлі де ширату қажеттігін айтып,  тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.
– Еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық көзқарас қалыптасу қажет. Еңбек ұжымдарында қауіп-қатерді болдырмау үшін оны алдын алуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруға тиіспіз. Ал, Қызылорда қаласында туризмді дамытудың жолы көп. Өйткені өрісті шаһарымызда қонақтарды туризмнің игілігін көруіне мүмкіндік жетерлік. Тек істі үйлестіру, реттеу, насихаттау керек. Биыл Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толып отыр. Бұл ауқымды шараға туристік қызмет көрсететін агенттіктерді көптеп жұмылдыру қажет, – деді Нұржан Сәбитұлы.