АХАТОВ туризмге аландап отыр…

477

Ai-news.kz. Облыс әкімінің мәжілісінде көтерілген туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі бойынша Қызылорда шаһары басшысы Нұржан Ахатов жиын өткізіп, тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.

– Қаламызға туристік бағытта өзге өңірлердің қызығушылығын арттыру үшін халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартып, жергілікті өнімдердің ассортиментін ұсыну, тарихи орындарға турлар жасау бойынша нақты шаралар қабылдау керек.

Сондай-ақ, интернет кеңістігіне шаһардың тарихи деректерін, көрікті жерлердің жаңартылған фотоларын, бейнероликтерін енгізу қажет. Бұл да туризмді цифрландырудың қадамы, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Мәжілісте туристердің қонақ үйлерге booking порталы арқылы алдын ала тапсырыс беруін оңтайландыру да айтылып, тапсырмалар хаттамаға енгізілді.qaa.kz.