Қызылорда қаласы - жанару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

489

Ai-news.kz. "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" республикалық экологиялық акциясы көркейту - көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары Қызылорда облысында сәтті жүзеге асырылуда . Мемлекет басшысының тікелей қолдаумен Кызылорда қаласы соңғы жылдары қарқынды қырылыс алаңына  айналады. Инфрақұрылым мен қоғамдық  кеңістіктерді жаңғырту бағытында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Қаланың сәулеттік келбеті жаңарып,  тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде  жүргізілуде.

Бүгінде қала аумағында 42демалыс саябағы мен сквер - аллея бар, Бұл орындардың барлығы да жаңғыртылуда. Мақсат - Қызылорданың туристік әлеуметін арттыру, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз демалыс орындарын ұсыну.

Қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени және демалыс паркі заманауи архитектуралық үлгімен безендіріліп, жаңа  субұрқақтар,  амфитеатр,  скейтпарк,  балалар мен ересектерге арналған ойын аландарымен толықты.

Бұған қоса , қаладағы халық көп серуендейтін ҚР Тұнғыш Президенты паркі, Б.Шөкенов атындағы саябақ және Қорқыт Ата мемориалдық ескерткіш кешені саябағы қайта жағыртудан өтуде. Қаланың  шырайын ашатын басты орындар - орталық алаң мен бірқатар скверлер  де заманауи талаптарға сай қайта жаңарды.

Жаңа жарық шамдары, сәндік гүлзарлар, субұрқақтар мен  жайлы  орындықтар орнатылып , бұл аумақтар қала  тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз демалыс орнына айналды.

"Тәуелсіздікке - 25 жыл " даңғылы толық жаңғыртудан өтіп,  екі  жолақтыдан төрт жолақтыға кеңейтілді. 

Ұзындығы 7 шақырымды құрайтын көше бойына жарық бағандары,  аялдамалар,  веложолақтар жөне жаяу жүргіншілер  жолы салынды.

Қызылорда қаласы жанару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда.
жолы салынды