Қызылорда облысында автоматтандырылған кірпіш зауыты салынуда

138

Ai-news.kz. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағында қарқынды салынып жатқан заманауи кірпіш зауытының жұмыс барысымен танысты.

 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысын «Қызылорда Саз М» ЖШС жүргізіп жатқан кірпіш зауытын орналастыруға өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі берілгенін айтты. Іске қосылған соң мұнда жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады.

 

Зауыттың іргетасы толық құйылып, металл конструкцияларының 60%-ы орнатылған. Құрылыс алаңында 50 жұмысшы, 11 техника еңбек етуде. Қажетті қондырғылар Қытайдан жеткізілген. Айналмалы пешті, шикізат дайындайтын қондырғыны, экструдерді, кірпіш кесіп оны жинайтын құрылғыларды монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат та салынады. Бұл кірпіш зауытының артықшылығы – өндіріс толығымен автоматтандырылған.


Copyright © 2023. «Ай-News.kz» - ақпарат агенттігі. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.
Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.