Сырдария аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

182

Ai-news.kz. Бүгін Сырдария аудан әкімі Берік Сәрменбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.


Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу және мәселелермен жүгінді.

 

Жұмыссыздық мәселесімен келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді. Аудан басшысы басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатындығын айтты. 


Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.