Батыс Қазақстанда AMANAT партиясының өңірлік әйелдер қанаты құрылды

1

Ai-news.kz  Батыс Қазақстан облысында AMANAT партиясы өңірлік филиалының жанынан Әйелдер қанаты құрылды. Бұл туралы партия хатшысы Шолпан Каринованың жергілікті әйелдер активімен кездесуі барысында белгілі болды.

 Облыстық Достық Үйінің ғимаратына өңірдің түкпір-түкпірінен 60-қа жуық қатысушы жиналды. Іс-шара барысында "AMANAT" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының төрағасы болып Гаухар Шайхиниязова сайланды. AMANAT партиясының хатшысы Шолпан Каринова атап өткендей, әйелдердің мемлекеттік басқаруға және қоғамдық өмірге қатысуын кеңейту қажет. 

 "Қазіргі әйел тек қамқор ана ғана емес, сонымен қатар табысты бизнес-леди, талантты инженер, бір сөзбен айтқанда, кез-келген саладағы көрнекті маман. Әйелдер әділ Қазақстанның құрылысына белсенді қатысады, оның әр салада дамуына елеулі үлес қосуда. Отбасы институтын, көп балалы аналарды қолдау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саясатының және "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды басымдықтары. Ол үшін біз инклюзивті мәдениет пен гендерлік паритетті қалыптастырамыз, онда жалақы мен лауазымдар жынысқа емес, адамның кәсіби дағдыларына қарай бөлінеді", – деді ол.