ҰҚК көлік вице-министрі ұсталғанын растады
188
Ai-news.kz. ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын растады.
"ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі пара алды деген күдікпен және сот санкциясымен көлік вице-министрін қамауға алды", - деп жазылған хабарламада.
2 тамызда көлік вице‑министрі ұсталды деген ақпарат тарады. Ол пара алды деген күдікке ілінгені айтылған болатын.





