Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңға қол қойды

52

Фото: Gov.kzAi-news.kz  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңға қол қойды, деп жазды Ақорда.


Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.


Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.