Қазақстанда 20 мыңнан аса адам қызылша жұқтырды
Ai-news.kz Күн сайын Қазақстанда қызылша ауруын жұқтырудың 350-ге дейінгі дерегі тіркеледі.
"Жыл басынан бері Қазақстанда 20 188 адам қызылша жұқтырды. Оның 81%-ы балалар. Мұнда 10 жасқа дейінгі 16 351 бала ауру жұқтырған. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында (3,4%) аурудың 706 дерегі, ересектер арасында (15,4%) 3 131 дерек тіркелді", - деді "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл.
Қызылша жұқтырудың ең көп дерегі Шымкентте – 3 069 жағдай, Алматы қаласында – 3 010 жағдай, Жамбыл облысында 2 724 жағдай тіркелді.
Тағы да оқыңыздар

ПРОЕКТ
8