Қазақстандық 43 ауыр атлет допинг қолданған
Ai-news.kz Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 қола медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген еді.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев кейінгі жылдары ауыр атлеттердің жаппай допинг дауына ұшырағанын айтты. 2022 жылдан бері 43 спортшы допинг қолданды деп айыпталған. Азия ойындары алдындағы допинг мәселесіне байланысты федерацияның басшылық және жаттықтырушы құрамы толық жаңарған соң Қазақстан құрамасы Ханчжоуда негізгі құрамда өнер көрсете алмады.
Министр ауыр атлетика федерациясының өкілдеріне спортшылардың спорттық тамақтану мен қалпына келтіру құралдарын өз бетінше сатып алуын болдырмау, барлық мүдделі мекемелермен бірлесіп фармакологиялық құралдарды сатып алу алгоритмін әзірлеу және ауыр салмақтағы спортшыларды даярлау жөніндегі жеке бағдарламаны іске қосу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Тағы да оқыңыздар
