Қызылорда қаласы түлектеріне облыс әкімінің 42 гранты бөлінді
Ai-news.kz. 2025 оқу жылы бойынша әлеуметтік осал топтағы мектеп түлектеріне қолдау көрсету мақсатында Қызылорда облысы әкімінің арнайы гранттары бөлінді.
Жалпы саны 42 грант ұсынылып отыр. Оның ішінде:
• 34 грант – техникалық, ауыл шаруашылығы, агрономия, қызмет көрсету, энергетика және құрылыс салалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде мамандар даярлауға бағытталса,
• Сегіз грант – жалпы медицина саласына бөлінген.
Бұл гранттарға Қызылорда қаласы және қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі орта мектеп түлектері үміткер бола алады.
Құжаттарды қабылдау жұмыстары 2025 жылғы 5-15 тамыз аралығында жүргізіледі. Өтініштер Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (мекенжайы: М.Әуезов көшесі, №2а ғимараты) қабылданады.
Толық ақпарат алу үшін бөлімге тікелей жүгінуге болады.
📞 Байланыс телефондары: 40-04-81, 8 777 452 2611.
Облыс әкімінің гранттары – аймақтың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға және жастардың білім алуына жағдай жасауға бағытталған.





