«Жайлы мектеп»: Бір білім ордасына қанша қаржы жұмсалатыны нақтыланбаған

1

Ai-news.kz «Жайлы мектеп» жобасы аясында келесі жылы 208 білім ордасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-тан мәлім етті.


«Жобаның бірінші кезеңінде 208 мектепті жобалап, салып, жабдықтап, қолданысқа беру көзделген. Білім ордалары 2024 жылдың соңына дейін есіктерін айқара ашады», — деп атап өтті компаниядан агенттіктің ресми сауалына орай.


Осы орайда компания Астана мен басқа қалалардағы 2 000 балаға арналған мектеп құрылысына шамамен қанша қаржы жұмсалатындығы әлі нақтыланбағандығын атап өтті.


«Мектептерді жобалауға, салуға және жабдықтауға жұмасалатын қаржының көлемі жобалық-сметалық құжаттама „Мемсараптама“ РМК қортындысын алғаннан кейін нақты белгілі болады. Бұл туралы қосымша баяндалады», — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-тан.