Қазалы ауданына 9 облыс әкім гранті бөлінген

189

Фото: brsbs.ruAi-news.kz. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жанадиловтың төрағалығымен өткен облыс әкімінің грантына студенттерді іріктеу бойынша үйлестіру Кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес өңірге қажет мамандықтар бойынша 2025 жылға Қазалы ауданына 9 грант бөлінген.

Атап айтқанда:

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне:

- Азық-түлік өнімдерін өндіру технологиясы -1;

- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1;

- Агрономия -1;

- Су ресустарын басқару -1;

- Жерге орналастыру-1;

- Дәстүрлі музыка өнері -1;

- Құрылыс (құрылысшы, инженер құрылысшы, жобалаушы инженер)-1;

- Электр энергетикасы -1;

C.Д.Асфендияров атындағы медицина университетінің Жалпы медицина мамандығына 1 грант бөлінген.

Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері) мүмкіндігі шектеулі балалар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар болып табылатын балалар; көп балалы отбасылардың балалары; аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады.

Грант иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін, ҰБТ-дан мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған халықтың осал топтарындағы мектеп бітіруші балалардан «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 5-шы тамызынан бастап 15-ші тамызына дейін құжаттар қабылданады.

Мекен - жайы: Әйтеке би кенті, Төремұрат жырау көшесі №7.

Тел: 8(72438)26-0-15