Қызылордада жолды кеңейту жұмыстары жүргізілуде

305
Ai-news.kz. Аймақ басшысының қолдауымен қаладағы басты жолдар мен көшелердің аясы кеңейтілуде. Ауқымды жұмыстардың бірі - Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылында  жүргізілуде.  
Бұл жоба 27 тамыздан бастау алды. Ұзындығы  6 711 метрді құрайтын даңғыл екі жолақтыдан төрт жолақтыға ауыстырылуда. Жоба аясында Сырдария өзенінің жағасын нығайту жұмыстары  да қоса жүргізілуде.  Жұмысты атқарушы «УАД» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарының 30 пайыздан астамы аяқталғанын айтады.