Қызылордада құрылыс қызу
Ai-news.kz. Қызылорда қаласының ауқымы жылдан - жылға кеңейіп, жаңадан қоныстанушылар саны артып келеді. Құрылыс алаңында өз кезегінде жұмыс қызу. Жаңадан үйлер мен ғимараттар салынып, қайта жаңғыртылып, инфрақұрылым тартуға көңіл бөлініп отыр.
Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі тарапынан атқарылып жатқан және де алдағы уақытта атқарылатын жобалар туралы баяндама жасауға рұқсат етіңіздер!
Өздеріңізгі белгілі, бөлімнің негізгі міндеті қала аумағындағы құрылыс нысандары бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Бөлімде барлығы 16 маман қызмет атқарады. Оның ішінде,
төрт мемлекеттік қызметші (бір - басшы, бір - сектор меңгерушісі, екі – бас маман), қалған 12 қызметкер еңбек шарт негізінде.
Жалпы 2024 жылғы бюджеті 36 миллиард 63,8 миллион теңге, оның жоспар бойынша 13 миллиард 915,1 миллион теңгесі игерілген.
Бюджеттен 10 миллиард 253,8 миллион теңге тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 8 миллиард 358,3 миллион теңге, ауыз су жүйесін дамытуға бір миллиард 525,7 миллион теңге, газ желісін жүргізуге 521,5 миллион теңге, «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында төрт аулыдқ округтерге электр жүйесі құрылысын бастауға 261,2 миллион теңге, кезекте тұрған осал топты аз қамтылған тұрғындарға пәтер сатып алуға 14 миллиард 541,8 миллион теңге, Мемлекеттік органдардың объектілерін дамытуға 89,0 миллион теңге, сот шығындарына 48,9 миллион теңге, жылу жүйесін дамыту-300,0 миллион теңге, аппарат шығыны 163,5 миллион теңге бөлінді.
Анықтама үшін:
Тұрғын үй құрылысы -16 нысан.
Газ желісі – 3 жоба;
Пәтер сатып алу – 1 155 пәтер;
Ауыз су желісін жүргізу–4 жоба;
Жол құрылысы-1 нысан;
Электр желісі-7 жоба;
Ауыз су желісін жаңғырту-1 жоба;
Кәріз желісін жаңғырту- 1 жоба;
Ұңғыма салу-1 жоба
Көтергіш сорғы станция салу- 3 жоба;
«Қорқыт Ата» атындағы әуежайдың абаттандыру жұмыстары- 3 жоба;
Тұрғын кварталдардың инженерлік желілері
Жылу жүйесі-1 жоба;
«Жайлы мектеп» білім беру пилоттық ұлттық жобасы аясында қала аумағында салынып жатқан 5 мектептің абаттандыру ж»не жарықтандыру жұмыстары
ЖСҚ әзірлеу
«Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясында 10 миллиард 253,8 миллион теңге бөлініді. Жоспар 5 миллиард 856,2 миллион теңгені қаралып, 2023 жылы басталған жоба құны 9 миллиард 926,9 миллион теңгені құрайтын Сырдария өзенінің сол жағалауы №3 мөлтек ауданында жалпы ауданы барлығы 37 283,4 текше метр 504 пәтерлі жеті этажды 84 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға төрт миллиард 491,3 миллион теңге бөлініп қыркүйек айында аяқталатын болады. Жоба құны сегіз миллиард 649,1 миллион теңгені құрайтын жалпы ауданы барлығы 28 905 текше метр 400 пәтерлі №2 мөлтек ауданында бес этажды 40 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын бастауға бес миллиард 762,5 миллион теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүруде. Қалған қаржысы екі миллиард 886,6 миллион теңге 2025 жылы бөлінеді. Қараша айында осы мөлтек ауданда жеті этажды 84 пәтерлі 10 тұрғын үйдің сараптамасы алынып құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы облыстық бюджеттен сұратылатын болады.
«Инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасына аясында
сегіз миллиард 358,3 миллион теңге бөлінді. (РБ-дан-100,0 миллион теңге, ҰҚ – 2 миллиард 325,4 миллион тенге, ОБ – 4 миллиард 941,2 миллион тенге, қалалық бюджеттен 991,7 миллион теңге), жоспар төрт миллиард 785,6 миллион теңге игерілді.
Ауыз су желісі: Арай мөлтек ауданы Мәуелі көшесі жеке тұрғын үй секторының ауыз су желісі құрылысына 26,3 миллион теңгеге 0,623 текше метр ауыз су желісі, Сарысу көшесіне ауыз сумен қамтуға 26,2 миллион теңгеге 1,3 километр ауыз су желісі, Майлықұм көшесінің бойымен ауыз су желісінің құрылысы 62,4 миллион теңгеге 3,88 текше метр жүргізілді. "Бәйтерек" ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерін салу жобасына 180,2 миллион теңге бөлінген. Жоба құны келісім шарт негізінде 427,5 миллион теңгені құрайды. РБ-дан жобаны аяқтауға 247,3 миллион теңге бөлінген жағдайда 18,5 километр ауыз су және газ жүйесі 9,995 текше метр атқарылады.
Электр желісі: Жас Алаш, Теректі, Сарысу көшелеріне электрмен жабдықтау құрылысына 39,1 миллион теңгеге 1,764 текше метр, Белкөл кентіндегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелерінің электр желілерін жүргізуге 72,2 миллион теңгеге 4,4 текше метр, Жас Алаш көшесіне электр желісін жүргізуге 57,0 миллион теңгеге 7,2 текше метр тартылды.
2022 жылы басталған Қызылжарма аумағындағы 1,2,3 ауданында тас жол құрылысы (35 көшеге) жобасын аяқтауға Ұлттық қор есебінен 330,4 миллион теңге бөлініп 38,25 текше метр тас төселінді.
Бөлім тарапынан салынып жатқан тұрғын кварталдардың инженерлік желілерін жүргізуге барлығы үш миллиард 889 миллион теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда.
«Қорқыт Ата» әуежайының аумағын абаттандыру жұмыстарына бір миллиард 986,3 миллион теңге бөлініп толықтай әуежайдың инженерлік жүйелері мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Жайлы мектеп» білім беру пилоттық ұлттық жобасы аясында қала аумағында салынып жатқан бес мектептің абаттандыру ж»не жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге бір миллиард 689,2 миллион теңге бөлініп жұмыстар күнделікті бақылауда.
Қаламызда тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға бір миллиард 525,7 миллион теңге бөлінді. (ҰҚ – 642,1 миллион тенге, , ОБ – 163,3 миллион тенге, қалалық бюджеттен 720,4 миллион теңге). Жоба құны 699,3 миллион теңгені құрайтын 2023 жылы басталған Универсам Шымбай аумағында сумен жабдықтау және су бұру желісін қайта жаңғырту жобасы аяқталып 8,0 километр жүргізілді. Қызылорда қаласының орталық бөлігінің кәріз желілерін қайта жаңғырту жобасына 531,9 миллион теңге бөлінді. Жоба аясында 6,9 километр кәріз желісі жаңғыртылады. Жоба 2025 жылы аяқталады. Қалалық бюджеттен Арай мөлтек ауданы, Әуезов көшесі, Жаппасбай батыр көшесі бойында орналасқан көтергіш сорғы станциясын салу құрылыстарына 270,4 миллион теңге, Титов аумағындағы жалпы қуаттылығы 1440 текше метр болатын үш дана ұңғыма бұрғылау құрылысын салуға 265,4 миллион теңге бөлініп құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталатын болады.
«Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, бірінші және екінші іске қосу кешені, жеткізуші газ құбырын салу құрылыс жұмыстарын бастауға жобаның 10 пайыз қаржысы 319,5 миллион теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүруде. Жобаны аяқтауға энергетика басқармасына бюджеттік өтінім толықтай жолданды. Қызылорда қаласында орамішілік газ құбырлары желісін салу (ақ дақтар). Гагарин, Титов, СПМК-70, Арай, КБИ, Сәулет, Саяхат, Бәйтерек, Орталық, және Шұғыла шағын аудандарындағы газ құбырлары жүргізілмеген көшелерге газ тартуға 200,0 миллион теңге бөлініп мердігер анықталды. Қалаға қарасты елді мекендерден Қызылөзек е/м газ жүйесі тартылмаған, осы орайда газ жүйесін тартуға 500,0 мың теңге бөлініп жобалаушы мекеме анықталды. Алдағы қалалық сессиядан 22,8 миллион теңге сұратылатын болады.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 261,2 миллион теңге Ақсуат, Қосшыңырау ауылдық округіне қатысты Досан елді мекені, Қызылжарма, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына электр тарату жұмыстарын бастауға қаржы республикалық бюджеттен бөлінді.
«Пәтер сатып алу» бағдарламасы аясында 14 миллиард 541,8 миллион теңге бөлінді. Кезекте тұрған көп балалы және осал топты азаматтарға 1019 пәтер сатып алуға 12 миллиард 848,0 миллион теңге, авариялық деп танылған тұрғын үйде тұрып жатқан азаматтарға 135 пәтер сатып алуға ОБ-дан бір миллиард 672,7 миллион теңге, қалалық бюджеттен олимпиада қола жүлдегері Қоңқабайға пәтер сатып алуға 10,5 миллион теңге, 2023 жылы сатып алынбаған бір пәтер сатып алуға 10,6 бөлініп сатып алынды. Бүгінгі күнге 89 пәтер осал топқа сатып алынды.
«Жылу жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы бөлігін жылумен жабдықтау (бірінші кезек) аяқталмаған құрылыс жобасы бір миллиард 97,5 миллион теңгені құрап «Механизатор К» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып құрылыс жұмыстарын бастады. ОБ-дан 300,0 миллион теңге бөлінді. Қалған қаржы 797,5 миллион теңге 2025 жылы облыстық бюджеттен бөлінеді.
Бүгінгі күнге мемлекеттік конкурс шешімімен жеімпаз анықталған алайда қаржысы толық немесе мүлдем бөлінбеген құрылыс жұмыстарының қаржысы 21 миллиард 542,9 миллион теңгені құрайды. Қаржы сұратылу жұмыстары тиісті басқармаға бөлім тарапынан бюджеттік өтінімдер жолданды.
Бөлім тарапынан 2025 жылға қаржы сұратылу мақсатында тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер әзірге 12 миллиард 805,7 миллион теңгеге ұсынылды. Жыл соңына дейін әзірленген жобалардың қаржысы қосымша сұратылады.
ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕ:
1) Құрылыс жұмыстарын мерзімінде орындамаған мердігер мекемелерді уақытылы сотқа беру шараларын қамтамасыз етіп, сот шешіміне сәйкес орындау мәселесі;
2) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселесі;
3) Теңгерімге өтпеген жылу, электр желісі, ауыз су қоймасы және ауыз су, кәріз су жүйелерінің мәселесі;
4) Жүзеге асырылып жатқан жобаларды жұмыс кестесіне сәйкес мерзімінде аяқтау мәселесін қадағалау.
5) 2023 жылы аяқталмай қалған жобаларды 2024 жылы іске асыру.
Қызылорда қалалық әкімдігі