Жыл соңына дейін 5 елді мекен табиғи газға қосылады

444

Ai-news.kz. Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 75 пайызды құрады. Бұл бағытта 24 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен және «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан қаржы бөлінген.

 

– Жыл басынан бері алты елді мекен газға қосылып, облыс бойынша газдандырылған елді мекендердің саны 41-ге артты. Жыл соңына дейін бес ауылдық елді мекенге табиғи газ беріліп, облыстың газбен қамту деңгейі 78 пайызға, газдандырылған елді мекендер саны 46-ға жеткізілетін болады, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.

 

Айта кетейік, келесі жылы Шижаға, Ақтан батыр, Дүр Оңғар, Шаған, Н.Ильясов, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Сабалақ ауылдарын табиғи газға қосу жоспарлануда.

 

 Брифинг барысында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин жаңа электр орталығың жұмыс барысын баяндады.

 

Мемлекет Президентымыз Қасым – Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап кеткен:

 

- "Орта Азия – Орталық" магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды. Газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажет. Тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастады. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Әзірге бұл жобалар толық іске қосылған жоқ. Сондықтан газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн.

 

Үкіметке Жаңаөзендегі, Қашағандағы және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырамын. Бұл – басты міндет.

 

Осы саланы табысты дамыту үшін инвестицияның қайтарымын қамтамасыз ететін пәрменді ынталандыру шараларын қысқа мерзімде қабылдау, соның ішінде ақылға сыйымды тарифтер мен көтерме бағаларды белгілеу керек.

 

Газ кеніштеріне геологиялық барлау жасау үшін жаңа инвестиция тарту тұрғысынан алғанда бұл шаралар өте маңызды. Әйтпесе, экономиканы қажетті көлемде газбен қамтамасыз ету мүмкін емес.

 

Басқарма басшысының айтуынша электр орталығындағы негізгі қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріліп, бүгінде газотурбиналық қондырғылар мен жылу қазандығы құрылыс алаңына жеткізілген. Жаңа жылу электр орталығы облыс аумағын электр энергиясының қажеттілігін толығымен қамтып, артылғанын басқа өңірлерге жіберуге мүмкіндік береді.

 

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвесторы «Акса Энерджи» түрік компаниясы болып табылады. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан жылу орталығының құрылысына инвестиция салынды. Станцияны 2025 жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарлануда, - деді басқарма басшысы.

 

Бұдан бөлек, бюджет есебінен жылу электр орталығын газбен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күнге жұмыстар 80 пайызға орындалды.

 

 Аймақ тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,4 пайызды құрайды. Облыс аумағында төрт қала және 230 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы баспасөз алаңында айтылды. Жыл басынан атқарылған жұмыстарын баяндаған облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин 26 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жол картасы әзірленгенін айтты.

 

– Жол картасы аясында 5 елді мекенді топтық су құбырына қосылып, төрт елді мекенге су тұщытқышын орнатылады. 3 елді мекенде ішкі су жүйесінің құрылысы жоспарланған. Биылға жоспарланған жобалар бойынша барлығы 88 шақырым ауыз су және 23 шақырым су бұру желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы 28 жобаны іске асыру жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.