Мемлекеттік қолдаудың арқасында наубайхана ашылды
Ai-news.kz. Мемлекеттік қолдаудың арқасында наубайхана ашылды.
Ауыл халқының табысын арттыру, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауының нәтижесінде Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тұрғыны Смағұлова Гүлмираның арманын жүзеге асырды.
Жеке кәсіпкер 2024 жылы «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінім беріп, жеңілдетілген несие алды. Осы қаражатқа кәсіпкер Бесарық ауылында екі адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, наубайхананы іске қосты.
Қазір цехта бөлке нан, қара нан, батон, тәтті тоқаштар, самса секілді өнімдердің бірнеше түрін шығаруда. Жас кәсіпкер бұл саланы алдымен үйде өзі нан пісіруден бастаған. Кейіннен тапсырыс көбейгесін наубайхана ашуды мақсат етеді.
Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс орнын кеңейтіп, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.