Cу үнемдеу технологиялары

541

Ai-news.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2024 жылдан бастап жыл сайын 150 мың гектар аумақта су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін ұлғайту мақсатында аграршыларға мемлекеттік қолдау көрсету ауқымды түрде жүргізілуде.

 Оған инвестициялық шығындарды субсидиялау, яғни су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалған қаражаттың 50%-дан 80%-ға дейін өтелуі кіреді. Бұл шаралар бұрғылау жұмыстарын жүргізу және инфрақұрылымды тарту кезінде де, су үнемдеу жүйелерін сатып алу мен орнату кезінде де қолданылады. Сонымен бірге суару шығыны тарифінің құнына байланысты субсидия мөлшерлері айқындалды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров «СЦК» алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Мынадай ақпарат қосылды: енді лазерлік жоспарлауға арналған техникаға қойылатын минималды талап — бұрын әр 200 га‑ға бір жабдық болу міндеті — жойылды. Бұл өзгеріс фермерлерге лазерлік планировщиктердің санын еркін таңдауға мүмкіндік береді және субсидияларды алуды жеңілдетеді . 

«Лазерлік планирование суды бүкіл аумаққа біркелкі таратуға септігін тигізеді, бұл жерлерді су басу мен көмескіленуден сақтайды. Нәтижесінде суару үшін қажетті су көлемі азаяды. Бұл технология арқасында суару суын кемінде 30%-ға үнемдеуге мүмкіндік туады, әсіресе Оңтүстік өңірлерде. Бұл әдіс еліміздің күріш алқаптарында кеңінен қолданылады. 2024 жылы лазерлік жоспарлағышпен шамамен 58 мың гектар жер тегістелді. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар нәтижесінде өткен жылы суды үнемдеу технологиялары шамамен 158 мың га аумақта енгізілді, оның ішінде Оңтүстік аймақтарда шамамен 130 мың га» – деді спикер. 

Жыл басынан бері өнімді су үнемдейтін технологиялар енгізілген бес оңтүстік өңірде жаңа игерілген жер көлемі 81,3 мың га құраған.

Су ресурстары министрлігі жүзеге асырып жатқан кешенді шараларға заңсыз су пайдалану мен суды ұрлаудың алдын алу шаралары да кіреді. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы мониторинг топтары құрылып, олар өңірлерге барып, тексерулер жүргізеді, анықталған бұзушылықтарды тіркеп, жою шараларын іске асырады. Негізгі мақсат — су ресурстарын пайдалану процесін ашық әрі әділетті ұйымдастыру және оларды заңсыз алу жағдайларын болдырмау.

Қазіргі жылдың басынан бері 82 профилактикалық және жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның нәтижесінде су заңнамасын бұзудың 141 фактісі анықталып, 69 рет бұзушылықтарды жою туралы талап көрсетілген және жалпы сомасы 24 млн теңге болатын 254 әкімшілік айыппұл салынған. Заңсыз су пайдалану фактілері бойынша 13 тексеру жүргізіліп, 71 әкімшілік айыппұл салынды, оның жалпы сомасы 8,4 млн теңге құрады.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 125 түсіндіру жұмыстары өткізіліп, оған 1861 шаруашылық субъектісі қамтылды. Бұзушылық жасаған 385 тұлғаның жеке басын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына 327 хат жолданды. Осы шаралар нәтижесінде су пайдаланушылар арнайы су пайдалану рұқсатнамаларын рәсімдеуді белсенді бастаған. Биыл 445 рұқсат берілді.