Біз даңқты көшпенділердің мұрагеріміз, батыр бабалардың ұрпағымыз
101
Ai-news.kz. Көшпенділердің ұлы көші ешқашан тоқтамайды. Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында осылай деді.
"Көшпенді өмір салты қайта жаңғырды. Жаһандану дәуірінде ешқандай шекара жоқ. Қазір заманауи көшпенділер пайда болды. Біз білім алу, жұмыс істеу үшін қоныс аударамыз, басқа елдерге саяхат жасаймыз. Бұл дәуірде біз еркіндік рухын сақтай білуіміз керек. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіру қажет. Біз – даңқты көшпенділердің мұрагеріміз. Олар ел мен жерді қорғап, ұлан-ғайыр даланы бізге аманат етті. Осы қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау – бәрімізге ортақ парыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.