Бакуде Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті

2

Фото: Серікбол ҚошмағамбетовAi-news.kz  Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кездесу өтті. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасының мемлекет қайраткерлері, ресми тұлғалары, Парламент депутаттары, шет мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері, жетекші талдау орталықтарының сарапшылары, БАҚ өкілдері, Әзербайжанда тұратын қазақстандықтар қатысты.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде Тәуелсіздік кезеңіндегі негізгі жетістіктерге тоқталды. Дипломат Қазақстанның Әзербайжанмен саяси, экономикалық, көлік-логистикалық, қорғаныс салаларындағы табысты ынтымақтастығына ерекше назар аударды.