Қытайда қауіпті инфекция өршіді

181

фото: pexels.comAi-news.kz. Қытайда чикунгунья инфекциясымен ауыратындардың саны күн санап өсіп жатыр. Ауру жұқтырғандардың дені Гандун провинциясында.

Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасаған басылымның жазуынша, соңғы аптада Гуандун провинциясында чикунгунья инфекциясын жұқтырудың 4 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркелді.

Ал Қытай билігі елде әзірге дерттің асқынуы немесе дерттен көз жұму жағдайлары тіркелмегенін атап өтті. Ауруды көбіне Фошан қаласының тұрғындары жұқтырып жатқаны анықталған.

Қытайлық жұқпалы аурулардың алдын алу мамандары аурудың таралу себептерінің бірі ретінде су тасқыны маусымының басталуын және соның салдарынан ауру тасымалдайтын масалардың көбеюін атады. Қытайда эпидемияның таралуы әзірге айтарлықтай ауқымды емес, десе де дәрігерлер қазірден шара қолдану қажет дейді — тұрып қалған суды тазартып, ересек масаларды өлтіріп, маса шағудың алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Қытай БАҚ-тарында қытайлық ғалымдар чикунгунья безгегімен ауыратын масаларды жейтін алып масаның ерекше түрін зерттеп, олардың дернәсілдерін тарата бастағаны жазылған.