Ерасыл ерлік танытты

155

Ai-news.kz. Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында  жерлесіміз Ерасыл Сәулебеков қола жүлдегер атанды. 


81 келі салмақ дәрежесінде қоссайыста 344 кг жинаған Ерасыл жұлқи көтеруден 154 кг, серпе көтеруде 190 келіні еңсерді.  Сондай-ақ, серпе көтеруде кіші күміс медаль жеңіп алды. Жеке бапкері - Айдар Ералиев.


Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы додаларға сәттілік тілейміз!