Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу өтті

292

Ai-news.kz. Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.



Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді.  Сарайға келген сәтінде Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.   

 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды. 

 

Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді.


 

t.me/aqorda_resmi