Қырғызстан елі туын өзгерту туралы заң жобасы қабылданды
2
Ai-news.kz Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын қабылдады, деп жазды 24 kg ақпарат агенттігі.
Заң жобасын 59 депутат қолдаса, оның 5-еуі ғана қарсы болған. Жогорку Кенеш төрағасы Нұрланбек Шәкиев әріптестерін құттықтады.
"Құрметті депутаттар! Жаңа туымыз құтты болсын! Бұл — өзгерту емес, бұл — түзету. "Аңызға айналған парламент" туралы қайталаудың қажеті жоқ. Әр кезеңнің өз аңызы бар", - деді ол.
Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитетінің төрайымы Чолпон Сұлтанбекова алты парламенттік фракция заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдағанын атап өтті.