Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

134

Ai-news.kz. Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе.- деп жазды Kyzylorda-news.kz. сайты. 


Құқық бұзушылық – бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Осы орайда,Сырдария ауданындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейде 8-11 сынып оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша жиналыс болып өтті.

Жиналысқа ауыл әкімі Талғат Құламқадіров, Юневалды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Тұрсынбек Медет, ауыл учаскелік полициясы Қайрат Адай. мектеп ұжымы, жалпы ата-аналар қатысты. Мектеп педагог-психологы Қ.Сарсеналиева мен әлеуметтік педагог А.Ержанова ата-ана мен бала арасындағы байланысы, қарым-қатынасы, баланы шектемеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Юневалды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Ерлан Бекмағанбетов оқушыларға кәмелетке толмаған балалардың жасаған қылмыстары, құқық бұзықшылықтары туралы айтып, осындай іс-әрекеттердің алдын алу үшін оқушыларға ескертіп, сақтандырды. Бұл жиналыстың басты мақсаты кәмелетке толмаған балалар құқық бұзушылықтың, зиянды іс-әрекеттердің алдын алу, ата-аналарға дұрыс бағыт-бағдар беру туралы болды

Жиналыс барысында бала тәрбиесі, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың, суицидтың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ролі мәселелері қозғалып, кәмелетке толмағандар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында ұсыныстар берілді.


Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:

1.    Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.

2.    Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.

3.    Көше. Отбасында және мектепте қолдау мен көңіл бөлінбей өскен кәмелетке толмаған адам қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыра алатын басқа ортаны іздейді. Жас-өспірім, әдетте, көшеде қарым-қатынастың жетіспеушілігін толтыруға тырысады. Егер мұнда ол «жаман» әсерге ұшыраса, онда оның қалыптасуы теріс болуы мүмкін. Әдетте, мұндай жасөспірімдердің тұрақты қызығушылықтары жоқ, спорттық және басқа үйірмелер мен секцияларға қатыспайды, мақсатсыз уақытты өткізуге мәжбүр болады.

Оң нәтиже тек отбасының, мектептің және сыртқы демалыс және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың бірлескен және үйлесімді жұмысымен мүмкін болады.

Сондай-ақ, аудан бойынша кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау, заңды мүдделерін қорғау мақсатында полиция бө-лімі, жұмыспен қамту бө-лімі, білім бөлімі, денсаулық сақтау және де өзге өкілдерді біріктіретін аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.

2021 жылдың І жартыжылдығында комиссия отырыстары жоспарға сәйкес өтіп, кәмелетке толмағандарға қатысты маңызды мәселелер қаралды. Нәтижесінде 6 ата-ана өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 ата ана - ата-аналық құқықтарынан сот шешімімен айырылды. 1 отбасының 3 баласы құжаттандырылды. 3 баланың ата-аналары ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушы-лықтың алдын алуда барлық мүдделі органдармен бірігіп профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, ойын – сауық орындары, қолайсыз отбасылардың тұрмыстық жағдайы тексеріледі.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» мақаласы

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол біздің – Тәуелсіз Қазақстан». Н.Ә.Назарбаев 


Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек.


Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.


Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды. 

Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.  Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында №44 орта мектеп директордың құқықтық тәрбие жөніңдегі орынбасары  Гульзария Шадыбаева «Қауіпсіз орта» атты жобасы өмірде  қиын жағдайға тап болған оқушылармен жұмыс түрлерін жандандырып мектепте көптеген іс шаралар атқарып келеді.

Осы негізде Тараз қаласында өткізілген  «Үздік құқықтық кеңес» атты облыстық кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу  оны болдырмау мақсатында байқау өткізілді. Іс шараға  10 ауданнан, Тараз қаласынан үміткерлер келіп қатысып бақтарын сынады. Жыл сайын облыс көлемінде ұйымдастырылып өткізілетін бұл іс - шара мектептегі құқықтық кеңестің жұмысының маңыздылығын көрсетеді.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» мақаласы

Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылардың жинақ папкаларына салынған жұмыстары мен мазмұны бағаланады.  Аталған байқауға ауданымыздан  №44 орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары  Гульзария Шадыбаева қатысты. Облыстық «Үздік құқықтық кеңес» байқауында оқушыларға құқықтық тәрбие беру және құқық бұзушылықтың алдын алуда шығармашыл үлгісін көрсетіп  2-орынды иеленді. Бағалы сыйлықтар табыс етіліп, дипломмен марапатталды. 

     Құқықтық мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының негізінде тек қана білімді болумен шектеліп қоймай, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу да маңызды болып табылады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі  белгілері болып табылады. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу - отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Осы мақсатта мектепте құқықтық кеңесте қарастырлатын  ата – аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата – аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде.

Жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеп қана қою жеткіліксіз. Ол үшін ұлттық идеологияны күшейтіп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дархан пейілін, ұлтжандығын қайсарлығын насихаттап көрсете білуіміз керек. Сонда ғана жоғарыда айтылғандар жүзеге асып, өз Отанын сүйетін, абыройын асқақтата алатын шын мәніндегі жанашыр жалынды жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік туады.

Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік.