Қызылордалық полицейлер айналымнан алынған қаруды жою акциясын өткізді
459

Арнайы мақсаттағы техникалық комиссия құрылып, құрамына Қызылорда облысы Полиция департаментінің тиісті сала қызметкерлері қатыстырылды.
Тәркіленген және тауып алған, сонымен қатар қару өткізу акция іс-шарасы кезінде ерікті түрде 600 дана, оның ішінде 7 ойық ұңғылы, 550 тегіс ұңғылы, 11 шолақ мылтық және 32 газды травматикалық қару ОПД-мен қабылданды. Жойылуға жататын қаруларға жарамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 600 қару Әскери және арнайы жабдықтау базасына өткізілді.
Айта кетерлік жайт, заңсыз айналымнан алынған атыс қарулары 7 рет жойылып отыр. Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен қалған 21 қаруға белгіленген тәртіпке сай жою процесі жүргізілді.
Тағы да оқыңыздар

Хабарландыру
113