Төбелескендерді ажыратпақ болған полицияның өзі "таяқ жеді"

182

Фото: Видеодан скрин

Ai-news.kz.  Алматыдағы “Театралка” маңында екі топтың жігіттері сөзге келіп, төбелесіп қалды. Жігіттердің жаға ұстасқан сәті видеоға түсіп қалған.


“Театралкаға” келген қонақтар арасында өзара жанжал шығып, кейін ол жаппай төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жаға ұстасқан жігіттерді ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға булыққан бұзақылар полиция қызметкерлеріне де жұдырық жұмсаған. 

“Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді қалалық полиция.