Қызылорда қаласында Халық заңгері жалпы республикалық акциясы өтті

367
Ai-news.kz.Бүгін Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. 
Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 50-тан астам кеңесші маман қатысты.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Шара барысында мамандар 150-ге жуық  азаматқа кеңес берді.
Сарапшылар неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, несие, жол құрылыстары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.