"Менің отбасым – менің байлығым" атты отбасы күні мерекесіне арналған іс-шара өтті

145

Ai-news.kz. Бүгін аудандық мәдениет үйінде отбасы күні мерекесіне арналған «Менің отбасым – менің байлығым» атты концерттік іс-шара болып өтті.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: 
"Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді" деп атап өтті.

 

Іс-шара барысында көпке үлгі болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп жүрген жас отбасыларды «Алғыс хатпен» марапатталып, сый-құрмет көрсетілді.

 

Мерекелік іс-шарада ауданның көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.