Отбасы күніне орай отбасылық эстафеталық сайыс өтті

91

Ai-news.kz. Отбасы күніне орай отбасылық эстафеталық сайыс өтті.


Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген болатын. Биыл бұл күн - 8 қыркүйекке сәйкес келіп отыр.


Осыған орай 2-8 қыркүйек аралығында аптаның тиімділігі мен ауқымын арттыру үшін жекелеген тақырыптық бағыттар бойынша спорттық шаралар ұйымдастырылуда. 


Бүгін “Евразия” спорт кешенінде “Дені сау ұрпақ” бағытында отбасылық эстафеталық сайыс өтті.

 

Жарыстың мақсаты – әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, яғни балаларын қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру.


5 эстафетадан тұратын сайыста қатысушы 18 команданың 54 мүшесі кедергілерден өту, дәлдік, жылдамдық, төзімділік сапасын жетілдіретін элементтерден өтті.


Сайыс нәтижесінде III орынды Сансызбаевтар отбасы («Қайсар» көгалды хоккей клубы), II орынды Мамбетовтер отбасы (№9 ОРМБЖМ) және I орынды Боздақбаевтар отбасы (Мүгедектерге арналған СК) иеленді. 


Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының арнайы дипломы және кубоктарымен марапатталды.