Димаш Қытай телеарнасымен бірлескен музыкалық жобасын Қазақстанда түсіреді
302
Ai-news.kz Қазақстанда «Voice Beyond Horizon» деп аталатын ауқымды музыкалық тележобаның түсірілімі басталды. Шоуды Димаш Құдайберген мен Қытайдың ірі медиахолдингтерінің бірі – Hunan TV телеарнасы бірлесіп жүзеге асырады.
Жобаға Қытай, Қырғызстан, Италия, Түркия және Сербиядан келген орындаушылар қатысуда. Олар Димашпен бірге Қазақстанның көрікті өңірлеріне шығармашылық сапар жасайды.
Түсірілім Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өтеді.
Реалити-шоудың ақтық кезеңі елордада ұйымдастырылмақ.
Қатысушылар пойызбен жолға шығып, елдің табиғи және тарихи нысандарына аялдайды. Негізгі аялдамалар қатарында Көбейтұз көлі, Шарын және Бозжыра шатқалдары, Сайрам-Өгем ұлттық паркі бар.





