Кент әкімі кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты
Ai-news.kz. Тасбөгет кентінің әкімі Айдын Маратұлы кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты.
Өздеріңіз білетіндей, кентімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Кент әкімі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау тапқан жергілікті кәсіпкерлермен жиі кездесіп, ашық диалог орнатып тұрады.
Осы орайда, бүгін Айдын Маратұлы кенттегі «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бес миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты жеңіп алып, кәсібін дөңгелетіп отырған ЖК «Бисенова» басшысы Бисенова Айжанның жұмысымен танысты. Көпшілікке «NS print KZO» атауымен таныла бастаған бұл жоба – ультракүлгін карасканы пайдалану арқылы, қабырғалық принтер қызметін атқарады.
Адамға зияны жоқ, иіссіз әрі экологиялық таза саналатын бұл құрылғылар қабырғаларды безендіріп, жайлы атмосфера жасайды. Бүгінде кәсіп иесі үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Тасбөгет кенті, Мұстафа Шоқай көшесі №72 мекен-жайда орналасқан аталған кәсіпорын тапсырыстарды ұялы байланыс, таргет арқылы қабылдайды және қабырғаға салынатын суретке дизайн жасау бойынша тегін кеңестер беруде.