Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық суға қосты
Ai-news.kz. Қазір Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, облыс әкімінің үйлестіруімен тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстарының бірінші кезеңіне Үкімет резервінен 11 миллиард теңге бөлінген болатын.
Бұған дейін Сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлер ыстық суға қосылса, бүгінде бұл жұмыстар Астана мөлтек ауданында жалғасуда. Қазір осы мөлтек аудандағы 550 пәтер ыстық суға қосылды.
Ыстық су мәселесі – Қызылорда қаласы тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі еді. Биылдан бастап бұл мәселе оңтайландырылып, тұрғындар ыстық сумен қамтыла бастайды. Нақтырақ айтқанда, тұрғындарды ыстық сумен қамту екі кезең арқылы жүргізіледі. Тиісінше биыл 187 үй, ал 2025 жылы 237 тұрғын үй ыстық су жүйесіне қосылады.
Мемлекет басшысының қолдауымен Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы Үкімет резервінен 11 миллиард теңге бөлінген болатын.
Тұрғындар тарапынан ыстық су жүйесіне қосылу жұмыстары шығынсыз, ақысыз негізде мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда Сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады.
Бүгінге дейін Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлер электр сужылытқыш немесе газбен жылытатын құрылғылар арқылы ыстық сумен қамтамасыз етілген еді. Атап айту қажет, ыстық су жүйесіне қосылу тұтынушылар үшін электрлі су ысытқышқа қарағанда едәуір тиімді болады.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында сапасы жоғары материалдар мен компоненттерден танымал еуропалық өндірушілердің жабдықтары қолданылады. Бұл арқылы ыстық су жүйесінің сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Әр көпқабатты тұрғын үйге "Wilo" компаниясының Айналым сорғылары мен "Danfoss" компаниясяның өшіру және реттеу арматурасы мен жылу алмастырғыштары қондырылып жатыр. Сондай-ақ, GTP су тазартқыз фильтрі және басқа да еуропалық өндірушілердің жабдықтары орнатылып жатыр.
Ыстық су желілерін жүргізу тұрғындар үшін өте тиімді болмақ. Себебі арестон құрылғысы ұзаққа жарамды құрылғы емес. Сонымен қатар, электр энергиясы мен қаржы үнемділігін реттейді.
Осы жоба бойынша жыл соңына дейін Қызылорда қаласының Шұғыла, Сырдария, Сол жағалау, Тәуелсіздік, Бейбарыс көшелеріндегі жоспардағы көпқабатты тұрғын үйлер ыстық су жүйесіне қосылады.
− Қаржы қажет етілетін қаладағы 424 көпқабатты тұрғын үйді ыстық су жүйесіне қосу үшін демеушілік есебінен құны 26,2 миллиард теңгені құрайтын 32 жоба әзірленді. Бұл жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде биыл 187 үй, екінші кезең 2025 жылы 237 үй.
Биылғы жылы Үкімет резервінен 11 миллиард теңге бөлініп, 187 үй орталықтандырылған ыстық сумен қамту үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланып, жеңімпаз мердігер мекемесі анықталды. Бүгінде, тапсырыс беруші мен мердігер мекемелер арасында келісім-шарт жасасуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімі: төрт айды құрайды, − дейді Ғалымжан Бақтығалиұлы.
Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды қабылдайтын жұмысшы тобы құрылып, алгоритмі бекітілген. Бүгінде бекітілген алгоритм бойынша жұмысшы топ қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үй пәтер иелерімен орталықтандырылған ыстық суға қосу және оны жүргізу бағытында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Атап айту қажет, пәтер иелері ыстық су жүйесіне қосылғанда тұтынушыларға электрлі су ысытқышқа қарағанда едәуір тиімді болмақ. Мәселен, су ысытқыш қондырғысының 50 литр суды ысытуға орта есеппен 2 кВт күніне, яғни бір айда және орта есеппен екі кубометр су пайдаланғанда орташа есеп бойынша бір айға электрлі ысытқышпен шамамен – 1 565,6 теңге төлейді екен. Ал жылу энергиясы арқылы су ысыту жүйесіне келер болсақ бекітілген тариф бойынша бір кубометр – 172,03 теңге. Яғни орта есеппен тұтынушы 2 м3 ыстық суды пайдаланғанда (бір кубометр тарифі су, кәріз – 43,1 теңге, 49,69 теңге) қоса алғанда орташа есеппен шамамен – 529,66 теңге құрайды.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілген есептемелерге сәйкес электрлі су ысытқыш қондырғысына қарағанда, орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылу 1035,94 теңге айырмашылық, яғни 66,2% тиімдірек болады. Осы ретте, қала тұрғындарын орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылуға шақырамыз. Алдағы 2024 - 2025 жылдар аралығындағы жылу маусымында ыстық су беру көзделуде − дейді Ғ.Еркебай
Бүгінгі күні, Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлер электр сужылытқыш немесе газбен жылытылатын құрылғылар арқылы ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Бұл өз кезегінде, өрттің пайда болуы немесе тұрғындардың табиғи газбен жаппай улануы себебінен төтенше жағдайлардың туындауына алып келуі мүмкіндігі жоғары болып отыр.
− Биыл қаламыздың Оңтүстік қазандық пен автономдық қазандықтар арқылы жылытылатын үйлер, яғни қаланың Оңтүстік және орталық бөліктері, Шұғыла, Сырдария, Сол жағалау м/а және Тәуелсіздік, Бейбарыс көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су жүйесі жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда, жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мергігер мекемелер анықталды. Аталған жұмыстарды атқару бойынша облыс әкімімен штаб құрылып іс-шаралар жоспары әзірленді. Аталған ісшара жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады, − дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.