Мәжіліс депутаты «РЗА» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты

401

Ai-news.kz. Қазақстан Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марахабат Жайымбетов Қазалы ауданға жасаған жұмыс сапарында Мәжіліс депутаттары Серік Егізбаев, Ерболат Саурықов және Жигули Дайрабаевпен бірге «РЗА» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты.

 

Мұндағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы «РЗА» АҚ Президенті Самұрат Имандосов таныстырды. Сонымен қатар мәжіліс депутаттары «РЗА-СҮТ» зауытына барып, «Дәмді» сауда маркасымен шығарылатын барша Сыр өңірінің халқына танымал өнімдерді көрді.

 

Айта кетейік, «РЗА» АҚ – асыл тұқымды мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен, сүт пен етті өңдеумен, тамақ өнімдерін өндірумен айналысатын ірі кәсіпорын.