Қызылордалық Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы-2024“ байқауының жеңімпазы атанды

308

Фото: Instagram/aqkerbezmAi-news.kz. Жыл сайын ұйымдастырылатын "Қазақ аруы-2024" байқауының биылғы жеңімпазы белгілі болды. 

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының ұйымдастырған сұлулық байқауының жеңімпазы Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы болды. 17 жастағы аруға дауыс берушілердің 30,04%-ы дауыс берген. 

Қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы "Қазақ аруы-2024" байқауында топ жарды. Айта кетейік, ол "Сыр аруы-2024" байқауының да жеңімпазы.

Марапаттау барысында қазақстандық дизайнер Аида Қауменова жеңімпазға жаңа топтамасынан арнайы шапан жапты.