Есірткісіз өмір – жарқын болашақ
Ai-news.kz. Бүгін облыс әкімдігі мен облыстық прокуратураның бастамасымен жарияланған «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» аясында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, психологтармен, әлеуметтік мамандармен кездесу өтті.
Қалалық қоғамдық даму бөлімі басшысы Айдын Қайруллаевтың жетекшілік етуімен өткен кездесуге қалалық прокуратураның бөлім аға прокуроры Қ. Бауыржан, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Т. Ахмет, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Р. Арынғазиева қатысып, есірткі саудасы мен нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар мен міндеттер туралы баяндама жасады.
Өкінішке орай, есірткі заттарын тұтынатын жастар кездесуде. Осыған орай ата-аналардың балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бақылауда ұстау, араласатын ортасын анықтау аса қажет. Сондай-ақ, есірткінің өмірге қауіптілігі, денсаулыққа зияндығы турасында жиі түсіндірме жүргізу маңызды.
Кездесу барысында осы және алдағы міндеттер талқыланды.
Біз үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құру ісін жалғастыра береміз.
Мемлекет басшысынын Жолдауында баскы максаты:
-Біз – озық ойлы ұлтпыз. Сондықтан алысты көздеп, түрлі арандатушылық әрекеттерден биік тұруымыз, парасатты ел екенімізді танытуымыз және тек заңға арқа сүйеуіміз керек.
Ылғи да кейін қайырылып, өткенмен өмір сүруге, бұрынғы жүйеден немесе саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды. Өз халқыңның тарихын білу керек, бірақ одан тек еңсеңді түсіріп, өзгеге өкпе артуға себеп іздемеу қажет. Қандай қасіретті болса да, өткен оқиғалардан, ең алдымен, тағылым ала білген жөн. Біз келешекке сеніммен көз тігіп, еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуын ойлауымыз қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып келемін.
Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті.
Тағы да оқыңыздар
