Сырдарияда республика күнінде Сәфина дүниеге келді
181
Ai-news.kz. "25 қазан – Республика күні" ұлттық мерекесінде Сырдария ауданында бір сәби дүниеге келді.
Анығын айтқанда, тереңөзектік Ислам Серікбаев пен Меруерт Темірханның тұңғыш перзенті Сафина жарық өмір есігін айқара ашты.
Өз кезегінде Сырдария аудандық ауруханасының ақ халатты абзал жандары мереке күні күшейтілген режимде жұмыс жасап, ана мен бала денсаулығын жіті бақылауда ұстады.
Ел халқы үшін маңыздылығы жоғары ұлық мерекеде жас отбасы қуанышқа кеңеліп отыр. Бұл ретте, жас ана Меруерт Темірхан сәбиімен қауыштырған медицина мамандарына өз алғысын жеткізді.