Сырдария аудан әкімінің қатысуымен фракция отырысы өтті

173

Ai-news.kz. Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. 

 

Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, айтулы шараға аудан әкімінің орынбасарлары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

 

1. «Ауыл аманаты» жобасының Сырдария ауданында орындалу барысы туралы Сырдария ауданының әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлының хабарламасын тыңдау;

 

2. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы жол картасының орындалу барысы туралы аудан әкімі орынбасарларының хабарламаларын тыңдау;

 

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы «Ауыл аманаты» жобасының Сырдария ауданында орындалу барысы туралы хабарлама жасап, фракция мүшелерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасарлары хабарлама жасады. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы жол картасында 2024 жылы Сырдария ауданы бойынша қырық бем іс-шара белгіленсе, бүгінгі күнге жиырма екі іс-шара орындалып, жиырма үш іс-шара орындалу үстінде.