АЛМАТ ЛӘТІПБЕК АУДАРЫСПАҚТАН ЕКІНШІ АЛТЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
106
Ai-news.kz. Аударыспақтан жетпіс келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге тоғыз мемлекеттен, алпыс төрт спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. Оныншы қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.