«ӨРТ-2024» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады

115

Ai-news.kz. «ӨРТ-2024» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады.


Қызылорда облысының аумағында 2024 жылғы 15-16 мамырда республикалық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің өкілдерінің қатысуымен «ӨРТ-2024» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі деп жоспарлануда.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі Қызылорда қаласынан 7 шақырым қашықтықта, Шіркейлі каналының оң жақ жағалауында (Пригородное орманшылығында) ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: 2024 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында ықтимал төтенше жағдайлар туындаған кездегі  іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күш-құралдарының әзірлігін пысықтау».

Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау жүйелерінің 160 қызметкері, 40 техникасы қатыстырылады.

Оқу-жаттығу кезінде дүрбелең тудырмай, сабырлылық сақтауға шақырамыз.


Қызылорда облысы ТЖД