Қызылордада көпқабатты үйлердің жылу маусымына дайындығы тексерілуде
Ai-news.kz. Қалада қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары қарқын алып келеді. Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік жүйелері мен жылу коммуникациялары кезең-кезеңімен тексерілуде. Осы мақсатта қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев «Orda KZ Сервис» мекемесіне қарасты “Ақмешіт” мөлтек ауданы мен Желтоқсан көшесіндегі бірқатар тұрғын үйлерді аралап, дайындығын арнайы бақылап шықты.
Тексеру барысында ішкі жылыту жүйелерінің техникалық жағдайы, құбырларды жөндеу мен суық сынақтан өткізу жұмыстарының сапасы назарға алынды. Әр үйдің жылу жүйесі толықтай жұмысқа дайын болуы тұрғындардың қыс бойы үздіксіз және сапалы жылумен қамтылуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, мекеме өкілдеріне инженерлік желілердегі ақауларды дер кезінде жою, подъездер мен жертөле аумақтарындағы жабдықтарды тексеріп, қысқа сақадай сай болу қажеттігі ескертілді.
Қазіргі таңда қала аумағындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың басым бөлігі жылу маусымына әзір. Дайындық жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, тиісті бақылау тұрақты түрде жалғасуда.
Тағы да оқыңыздар





