«Таза Қазақстан» – бұл тек қоқыстан тазару емес

329
Ai-news.kz. «Таза Қазақстан» – бұл тек қоқыстан тазару емес, аулаларды абаттандырумен қоса көңілдің де тазаруы. Иә, иә, жерде жатқан қоқысты еңкейіп алып, теріп, жинаған адам өзі де қоқыс тастамайды. Өйткені, қаланы қоқыстан тазартудың қандай бейнет екенін бастан өткізген жан ғана түсіне алады. Сайып келгенде «Таза Қазақстан» – мәдениетті көтерудің де үлкен бір себебі. 
Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында тұрғын үй аулаларын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бұл шаралардың мақсаты – тек санитарлық жағдайды жақсарту мен тұрғын үй алаптарының келбетін жаңарту ғана емес, сонымен қатар тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
Маусым айының басынан бастап жұмыстар қаланың барлық аумағында белсенді түрде жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер, еріктілер, ПИК (КСК) өкілдері мен жергілікті бастамашыл топтар бірлесе отырып:
аулалардағы қоқыс пен құрғақ шөптерді тазарту,
аула маңындағы аумақтарды көгалдандыру,
маусымдық гүлдер мен бұталар отырғызу,
жиек тастарды ағарту және шағын сәулет нысандарын сырлау жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда, білім беру мекемелерінің, балалар және спорт алаңдарының маңындағы аулаларға ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай орындар отбасы мүшелерімен демалуға, спортпен айналысуға қолайлы, жасыл, таза аумақтарға айналуда.